8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Шілде 2021 3490 0
Қоғам

ОРАЛДА «СӘБИ» ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

Елорда күні мерекесі  қарсаңында жұмысын бастаған бұл нысан «Батыс Сәби» ЖШС ашқан алтыншы мектепке дейінгі ұйым. Мұнда балғындар мектепке дейіні  ұйым бағдарламасымен қамтылумен қатар, қосымша дамыту үйірмелеріне  қатыса алады. Жаңа балабақша-орталықтың ашылуына Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков қатысты.       

            – Мемлекет тарапынан мектеп жасына дейінгі  балаларды мектепке дейінгі  ұйыммен қамтуға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауларында, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында балаларды балабақшамен қамту,  тәрбие алуы, мектепке  дайындық жүргізуі  үшін тиісті жағдай жасау, сонымен қатар үйірмелер арқылы мәдени өсуін, білімдерін көтеруін, сауықтыру  шараларын жүзеге асыруды  жекеменшік-әріптестік аясында да жүргізуге назар аударылуы тиістігі көрсетілді. Осы орайда кейінгі жылдары мектепке  дейінгі балалар ұйымдарын мемлекеттік бағдарламалармен ғана емес, жеке инвестиция тарту арқылы дамытуға көңіл бөлінуде. Ол үшін білім беру жүйесінде әр балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру жолға қойылды. Биылдың өзінде Орал қаласында мемлекеттік қаржылық қолдау 2 млрд. 200 млн. теңгеге жеткізілді. Осылайша, 5 мыңнан астам баланы мектепке дейінгі ұйыммен қамтуға және жеке кәсіпкерлердің батыл, сенімді түрде өз істерін ашуға, ең бастысы балалардың тәрбиесіне  зор мән беруге  мұрындық болып отыр, – деді Абат Абайұлы.

Солтүстік-шығыс шағынауданда орналасқан балабақша ғимаратының аумағы 950 шаршы метр. Мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 бала тәрбиеленетін болады. Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында ғимаратта монтессори кабинеті, тұзды шахта, бассейн залы, каратэ және таэковнда спорттық үйірмелеріне арналған залдар жабдықталған.

– Сегіз  топқа есептелді. Әзірге үш топқа балалар қабылданып отыр. Балалармен мамандыққа сай білімі бар педагог-тәрбиешілер жұмыс жасайтын болады. Тәрбиеленушілеріміз бес мезгіл тамақтандырылады. Ойыншықтар, кеңсе тауарлары және іс-шараларға қажетті киімдер бар. Ата-аналардың олардың  біреуі  де сұратылмайды, – дейді «Батыс Сәби» ЖШС директоры Салтанат Лепесова.

Балабақша бес күн бойы таңғы сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Айта кетейік, Оралда  бүгінде  143  балабақша бар. Оның 70-ке жуығы – жеке бөбекжай.  Олар 5156 орынға мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Жаңа балабақшаның ашылуымен балақшалармен қамтылатын балалар саны 100-ге көбейді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»