Оралда полицейлер адамның өмірін сақтап қалды
4 қыркүйек сағат 00:15 шамасында Орал қалалық полициясына көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде белгісіз азаматтың отырғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел қызметтер дереу оқиға орнына аттанды. Алғашқылардың қатарында жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – взвод командирі Дамир Казиханов, инспекторлар Нұрсұлтан Джанабаев пен Ерлік Ерсайынов шұғыл түрде ғимараттың төбесіне көтерілді.
Полицейлер азаматпен тілдесіп, сеніміне кіріп, жағдайды бақылауға алды. Біраз уақыттан кейін оқиға орнына оның әкесі де келіп жетті. Жақындарының қолдауы мен тәртіп сақшыларының кәсіби әрі шынайы әрекеттерінің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.
Азамат қауіпсіз жерге түсіріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда оның өміріне қауіп жоқ. Ол ата-анасының қарауына тапсырылды.
Айнара Иса
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру