8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қараша 2018 2647 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА НАН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Нан өндірушілер мен атқарушы билік өкілдері жыл соңына дейін нан бағасы қымбаттамайтынына сендірді.

Бүгінде Орал қаласы тұрғындарына «№1 Нан зауыты», «Талецкий», «Попков», «Доценко», «Антипов» сынды жеке кәсіпкерліктері нан жеткізіп отыр. 1 қараша күні Оралда «№1 Нан зауыты» дүкендерінде нанның бағасы 100 теңгеге көтерілген еді. Қала әкімінің орынбасары Сергей Доля осы жағдайға орай кәсіпкерлік бөлімі мен қала әкімдігінен арнайы комиссия құрылып, қаладағы барлық нан өндіру кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізілгенін жеткізді.

– Барлық кәсіпорындарды аралап өттік. Нан бағасы қымбаттамайды. Бірінші сұрыптағы нанның бір бөлкесі – 70 теңге, жоғарғы сұрыптағы нан – 90 теңгеден болып қалады. Барлық кәсіпорындар жұмыс жасап тұр, ұн жеткілікті, – деген Сергей Евгеньевич «№1 Нан зауыты» да бағаны бұрынғы қалыпқа түсіретінін мәлімдеді.

«Талецкий» ЖК директорының орынбасары Антон Маркушин жыл соңына дейін өздері өндіретін нанның бағасын көтермейтінін жеткізді. Бірақ, әр өнім өз шығынын ақтауы керек.

–  Қоймада бұрынғы бағамен алған ұнымыз бар. Барлығы өнімнің өтуіне байланысты болады. Бірақ, жыл соңына дейін жетеді деп ойлаймыз. Сондықтан биыл нанның бағасы бұрынғы қалыпта сақталады. Жаңа сатып алу кезінде бағаға сай көтеруіміз мүмкін. Ұн қазіргідей қымбат болатын болса, біз бағаны ұстап тұра алмаймыз, – дейді Антон Маркушин.

«Доценко» шаруа қожалығының құрылтайшысы Николай Тригубов та ұнның қоры бар екенін, нан бағасын өсірмейтіндерін айтты.

– Тәулігіне шамамен жоғары сұрыптағы 1500-1800, бірінші сұрыптағы 1100-дей  нан өндіріледі. Бірінші сұрыптағы нанның бағасы 70 теңге. Екі жыл бұрын да осы бағада болған еді. Жоғары сұрыпты нан 90 теңге. Әзірге бағаны өсірмейміз, – дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

 

Бүгінде ұн бағасы 15-20 теңгеге көбейген. Николай Викторовичтің айтуынша, 1 қап ұн – 4325 теңге тұрады. Басқа қосындылардың да бағасы артуда. Мәселен, «Талецкий» ЖК  шекерді бұрын 180-190 теңгеге алған болса, қазір 222 теңгеге алған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»