8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Наурыз 2026 27 0
Референдум2026

Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады

Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың қатарында ұлттық «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының қалалық кезеңінің бас жүлде иегерлері – Дускалиевтер әулеті де бар.

Өнегелі отбасылардың бірі саналатын Дускалиевтер отбасы Орал қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан №428 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Әулет мүшелері учаскеге балаларымен бірге келіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Дускалиевтер – бірнеше буыннан бері қолөнерді кәсіп етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан үлкен әулет. Отбасында ата-әже, екі ұл-келіні, бір қыз-күйеу баласы, жеті немере және алты жиен бар.

Әулеттің бәйтерегі Мұхамбет Дускалиев – 70 жастағы зейнеткер, ұзақ жылдар механизатор болып еңбек еткен. Ал жұбайы Дариға Батырова спортпен шұғылданып, іс тігу мен тоқыма тоқумен айналысады.

Отбасының үлкен ұлы Бейімбет Дускалиев Батыс Мұнай-газ жабдықтары зауытында аға дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Жұбайы Гүлдана Нұржанова – көпбалалы ана, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде бөлім басшысы.

Әулеттің жас буыны да жетістіктерімен ерекшеленеді. Мәнсия – Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы, қобызшы әрі бірнеше шет тілін меңгерген полиглот. Ол шетелдік фильмдер мен мультфильмдерді қазақ тіліне аударып жүр.

Қара шаңырақтағы ұлы Асқар Дускалиев – қолөнерші әрі кәсіпкер, «Өрлеу» жарнама агенттігінің негізін қалаушы. Оның жұбайы Жұлдыз Қауметова – графикалық дизайнер.

Дускалиевтер отбасы өткен жылы қалалық кезеңде «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, үлгілі әулет ретінде танылған.

– Біз үшін бұл тек дауыс беру ғана емес, отбасы ретінде бірлігімізді көрсету және балаларға азаматтық жауапкершіліктің үлгісін таныту мүмкіндігі. Әр адам ел тағдырына бейжай қарамауы керек. Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымды дамыту арқылы елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыру көзделген. Бұл – ел болашағына салынған инвестиция. Жаңа бастамалар қоғамның дамуына тың серпін береді деп сенеміз,- дейді отағасы Мұхамбет Дускалиев.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
20 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»