8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Тамыз 2021 1730 0
Қоғам

ОРАЛДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Бүгін, 26 тамыз күні Орал қаласы білім беру қызметкерлерінің  дәстүрлі тамыз кеңесі  өтті.  «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы кеңеске Орал қаласы әкімі А.Шыныбеков, білім беру саласының ардагерлері мен ұстаздар қатысты.

 

Дәстүрлі қалалық тамыз кеңесі аясында 18-24 тамыз аралығында 18 секция өз жұмыстарын атқарып, оған 5 мыңға жуық мұғалім қатысқан. Биылғы секциялық отырыстардың басты ерекшелігі – білім саласындағы ең маңызды мәселелер талқыланып, педагог мамандар өз тәжірибелерімен бөлісетін маңызды жиын аймақтық деңгейде ұйымдастырылып, республикамыздың өзге облыстарындағы әріптестермен бірлесе өтуінде. Қала педагогтары үшін бұл  пікір алмасудың тың алаңы ретінде озат тәжірибемен бөлісудің ерекше мүмкіндіктерін ашқанын атап өту керек.

Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісіне қатысқан Орал қаласы әкімі  Абат Шыныбеков өз сөзін өткен оқу жылындағы қашықтан оқыту көзіндегі кездескен кедергілерге қарамастан, білім беру процесін үздіксіз жүргізіп, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие бердегі  еңбектері  үшін ұстаздарға алғыс айтудан бастады. Сондай-ақ білім беру саласын қолдауда жергілікті атқарушы орган тарапынан атқарылып жатқан істерге тоқталды. Мұнан соң еліміздің  тұрақты дамуының кепілі болар ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда басшылыққа алынуы тиіс бірнеше міндеттерді  атады. Бұл – білім ұйымдарында оқушылардың денсаулығын сақтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын арттыруда жекеменшік балабақшаларды ынталандыру, оқушыларға кәсіби бағдар берудегі жұмысты  жандандыру, мектептердегі менеджмент сапасын арттыру.

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы жаңа оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, функционалдық сауаттылықтарын арттыру – ең басты міндет болатынын атады. Осы орайда баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін баса айтқан қаланың бас ұстазы мұғалімдер қауымын айтылған мәселелер төңірегінде ой түйіп, нәтижелі жұмыстануға шақырды.

Онлайн байланыс арқылы шыққан ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының директоры Манара Адамова 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстарын таныстырса, «Ұлттық Ұстаз» онлайн академиясының директоры Гүлмира Корғанбаева әлемдік ғылым көшіне ілесудің алғышарттарын тарқатып, жаңа мектептің үлгісін қалыптастыруға тоқталды. Орал қаласы Оралдағы NIS директоры Айдарбек Айтпукешев мұғалімнің зерттеу мәдениетіне, қызметін қолдау тұжырымдамасына арналған жобаның нәтижесімен бөлісті. «STEM Academia» ЖШС-ның даму және зерттеу директоры Мағжан Қыстаубаев оқыту барысында сандық технологияларды қолдану мәселесіне тоқталды және облыстағы білім ұяларында интерактивті лабораториялар ашуды ұсынды. Конференция аясында №33 орта мектептің директоры Үміт Ерғалиева «Жобалар: идеядан – іске» тақырыбымен білім жүйесіндегі жобалық жұмыстар туралы ой тарқатты. Менеджердің кәсіби қолдауымен жас маманның жұмысы турыда тәжірибемен №5 орта мектеп директоры Әсем Бахытжанова мен  биология пәнінің мұғалімі Ертілек Наурыз бөлісті.

Шара соңында үздік ұстаздар ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің,  қала басшысының, және облыстық педагог қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»