8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2018 4196 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда Хамза Есенжановтың ескерткіші ашылды

Бүгін Орал қаласында жазушы Хамза Есенжановтың ескерткіш-бюсті ашылды.

Ұлтының рухын ұлықтаған суреткер, өмірі өнеге, қасиетті Жайық өлкесін жүрегінің демі біткенше сүйіп өткен, тума талант иесі, әйгілі «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Х.Есенжановтың туғанына биыл 110 жыл. Осы атаулы мерейтойға орай ашылған ескерткіш қаланың 4 және 5 шағынауданы аралығындағы тынымбаққа орналасқан. Бұл шараға қала әкімі М.Мұқаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ қарымды қалам иесінің ұрпақтары – Хамза Есенжановтың немере інісі – Айтқожа Биғалиев, жазушының  келіні – Дина Есенжан және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Академик, Ұлыбритания Экологтар Ұжымының толық мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, Құрмет орденінің иегері Айтқожа Биғалиев, фольклортанушы, шығыстанушы, ілеспе аудармашы-синхронист,  ғалым, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, арабтанушы Дина Есенжан, тарихшы, хамзатанушы Сайлау Сүлейменов қаламгер туралы естеліктермен бөлісті.

Ескерткішті салтанатты түрде ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева мен жазушының немере-інісі Айтқожа Биғалиев ашып, жиналғандар қаламгердің ескерткішіне тағзым етті.

Шара Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Хамза Есенжанов – адамзаттың асылы» атты жазушының 110 жылдығына орай ұйыдастырылған әдеби–сазды кешпен жалғасады. Мәдени жиын аясында «Тұғыры биік талант» атты жазушыға арналған естелік жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Театр фойесінде жазушының шығармашылығы бойынша «Қайсар талант арқалаған нар сенім, ұмытпайтын ұрпақтарын бар сенің» тақырыбында көлемді кітап көрмесі, фото-экспозиция және мұрағаттық жәдігерлер қатысушы көрермендер назарына ұсынылды.

Мира Хамзақызы

Суретті түсірген Р.ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»