ОРАЛДА ЕКІ МЕКТЕП АПАТТЫ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Орал қаласында екі мектеп апатты деп танылған.

Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта апатты деп танылған №33 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаражатты бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданған. Ал №31 орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалу үстінде.
Қаладағы 51 күндізгі жалпы орта білім беретін мектептің алтауы ғана бір ауысымда жұмыс жасайды. 40 мектеп екі ауысымды тәртіпте, бес мектеп үш ауысымда оқытуда.
– Соңғы жылдары Зашаған кенті, Сарытау шағын аудандарында жаңа үйлердің салынып, халықтың көшіп келуіне байланысты оқушылар саны көбеюде. Сол себепті осы кенттегі мектептер үш ауысымда оқытуға мәжбүр болып отыр, – деді Абат Абайұлы.
Айта кетейік, биылғы жылы қала мектептерінде 49949 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3467 оқушыға артық.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу