8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Маусым 2025 830 0
Оқиға

Оралда дәрігерлер жарты келі шаш жеген қыздың өмірін аман алып қалды

 

Орал қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері аса сирек кездесетін операция жасап, 13 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды. Жасөспірімнің асқазанынан жарты келідей шаш алынған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай олардың тәжірибесінде алғаш рет тіркеліп отыр.
Науқастың анасы қызының соңғы кездері тәбеті төмендеп, өзін жайсыз сезінетінін байқаған. Дәрігерге жүгінген кезде қыздың асқазанында бөгде зат бар екені анықталған. Бір сағатқа созылған операция кезінде хирургтар асқазан ішінен ұйысқан шашты алып шықты.Балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Әліби Төлегеновтың айтуынша, анасы қызының мұндай әдетін 3-4 жыл бұрын байқаған. «Қыз кішкентай кезінен бастап тырнағын жейтін әдетке ие болған екен. Кейіннен бұл әдет шаш жеуге ұласқан. Мұндай жағдайда міндетті түрде психологтың көмегі қажет», – дейді дәрігер.
Мамандардың айтуынша, күйзеліске ұшыраған балалар кейде өз шашын жұлып, жеуге бейім келеді. Бұл – өте сирек, бірақ аса қауіпті жағдай. Уақытылы ем жасалмаса, ас қорыту жолдары бітеліп, тіпті өлімге алып келуі мүмкін.Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Ол қажетті ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер ата-аналарды балалардың психологиялық жағдайына ерте бастан мән беруге шақырады. Себебі мұндай зиянды әдеттер дер кезінде анықталып, емделмесе, салдары өте ауыр болуы мүмкін.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»