8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2021 1401 0
Қоғам

ОРАЛДА 51 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Орал қаласында үш жылға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биылғы жылы 51 ауланы абаттындыру үшін жергілікті қазынадан 2 млрд. теңге бөлінген.

«Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы 2021-2023 жылдары жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысуға ниеттенген көпқабатты үй тұрғындары әкімдік сайтына өтініш қалдырады. Әрі абаттандыру жұмыстарына байланысты ұсыныстарын бере алады. Ауланы абаттандыру жобасын жасақтауда сол тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескеріледі. Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің айтуынша, өткен жылдың қазанынан бастап ақпараттық хабарламалар жарияланып, тұрғындардың өтініштері жиналған. Жалпы 120-дай аула бойынша өтініш түсіпті.

– Өткен жылы облыс әкімі шаһар бойынша кемінде 50 ауланы абаттандыру туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда бағдарлама аясында тұрғындардың өтініштерін жинадық, олар ауладан не көргісі келетіндерін көрсетті. Тізімге сәйкес алғашқы тіркелген 50 шақты аула бойынша смета дайындалды. Мердігерлер анықталып, жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта жоспарланған 51 аула аумағының 12-сі бойынша жұмыстар аяқталып, тапсырылды. Бес ауладағы жұмыстар тамыз айында аяқталады. Абаттандыру жұмыстарында аулаға кіреберіс жолдардың асфальтталуына ерекше басымдық берілді. Өйткені тұрғындар тарапынан кіру-шығу жолдарына қатысты уәж көп түседі. Сондай-ақ бұған дейін әр аулада бөлек-бөлек мердігер мекеме жұмыстар жүргізген болса, биылғы жылы барлық ауладағы бірдей жұмыс бойынша бір мердігерден сұраныс болуы қаперге алынды. Осы орайда жаңарту жұмыстары көзделген барлық аулалардағы жол төсемін төсеуді бір ғана мердігер жүргізеді. Барлық ауладағы спорт және ойын алаңдарын орнатуды – бір мердігер атқарады. Осылайша, жалпы 4 мердігер аулаларды абаттандырумен айналысуда, – деді Мирас Рүстемұлы.

Абаттандыру жұмыстары басталған аулалардың бірі – М.Мәметова көшесі, 60 мекенжайы. Қазір мұнда «Түркістан жол сервис» ЖШС асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде. Мердігер компания директоры Жәмшит Махаметовтың айтуынша, жиектастар ауыстырылып, аялдама тұрақтары кеңейтіледі.

Үш жылға арналған бағдарлама болғандықтан, алдағы уақытта аулаларды абаттандырға қатысты өтінімдер жиналатын болады. Қала басшысының орынбасары Мирас Рүстемұлы енді тұрғын үйді басқаруда серіктестік құрған аулалар бірінші кезекте  абаттандырылатынын атап өтті.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»