8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2020 1254 0
Қоғам

ОРАЛДА 1239 ОҚУШЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

 Оқушылар жазғы демалыс кезінде өздері оқитын мектепте жұмыс жасап, еңбекақы ала алады. 

Орал қалалық білім беру бөлімінің  мәліметінше,  бүгінде шаһарымыздағы мектептердің жоғары сынып оқушыларынан ата-аналарының келісімі бойынша 1239 жеткіншек жұмыс жасауға ниет етіп, құжаттарын тапсырған.

– Білім беру бөлімі жазғы кезеңде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының негізінде жазғы демалыс кезінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқылы. Яғни, оларды оқудан бос уақытта  денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға  еңбекке тартуға болады.  Қазіргі уақытта қала мектептері оқу орны бойынша жоғары сынып оқушыларының қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруда, – дейді қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Айсәуле Есқожина.

Оқушыларға мектептің  ішіндегі жеңіл жұмыстар ғана ұсынылады. Мәселен, №2 Жұбан Молдағалиев атындағы орта мектепте 20 оқушы қоғамдық жұмыстарға  тартылған. Олар  күніге сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін  білім ұясы  аумағында  гүл суару, ауланы тазалау жұмыстарымен айналысады және мектептің  кітапханасына көмектесуде.

– Біз жазғы демалыс кезінде қоғамдық жұмыс ұсынылатыны туралы оқушыларға толықтай хабар бердік. Ықылас танытқан 20 оқушы құжаттарын тапсырды. Олармен үш айға, яғни тамыздың  28-інші жұлдызына дейін келісімшарт жасалды. 15 маусымнан бастап жұмысқа кірісті. Барлығы да 10 сыныпты тәмамдаған оқушылар. Жұмыстың алғашқы күні қауіпсіздік ережелерімен таныстырдық. Әр күн сайын жұмысқа келген кезде олардың  дене қызуларын өлшейміз,  –  дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Бекқалиева.

Оқушыларға жасаған жұмыстарына «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы ай сайын 42 500 теңгеден төленеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»