8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2020 5242 0
Өзек

ОРАЛДА 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ЖАСАНДЫ МҰЗ АЙДЫНЫ ҚАҢЫРАП БОС ТҰР

Оралда құрылысына 1 миллиард теңге жұмсалған жасанды мұз айдыны жыл бойы қаңырап бос тұр. Мекемені сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер миллиондап шығынға батқан соң, стадионды мемлекетке кері тапсырмақ. Өйткені карантин күшейгелі бизнесінің берекесі қашыпты. Енді ол кірісінен шығыны көп істен бас тартып отыр.


Құрылысына 1 миллиард теңге жұмсалған жасанды мұз айдыны қазір коньки тебетін сырғанақтан гөрі, шана, шаңғы тебетін жерге көбірек ұқсайды. Қар астында қалған мұз айдынының қызығы қазір басқа спортшыларға бұйырған. Олар бұл жерде күн сайын жүгіріп, алаңның шетінен жалғызаяқ жол салып алған. Мұз алаңы қардан тазартылмағасын, жергілікті допты хоккей командасы қазір басқа жақта жаттығуға мәжбүр. Өйткені ат шаптырым аумақтың қарын күреу де аз шығын емес. Ал стадионды биыл көктемде сенімгерлікпен басқаруға алған кәсіпкер карантин кезінде қарап жатпағанын айтады. Мекеменің әбден тозығы жеткен жылу, сумен қамту, кәріз жүйесін 17 миллион теңгеге күрделі жөндепті. Жаңғырту жұмыстары барысында орнатылған үш тоңазытқыш күн 10 градусқа жылығанда да мұзды ерітпей, қатырып тұрады. Кәсіпкер Абзал Құспан нысанды қабылдағанда жаз шығып кетіп, осы қондырғыларды тексеру мүмкін болмағанын айтады. Келіспеушілік осыдан басталыпты.

– Енді үш аппаратты қосыңыздар десем, жоқ қоспаймыз қосымша «анау керек», «мынау керек» деген түрлі сылтауды айтып, «былай қабылдап ал» дейді. Сосын біз кәдімгідей сотқа дайындалғанбыз. Содан кейін мен мемлекеттік органдарға шықтым, қашан мен қосып, қабылдап алам бұл аппаратты? Мына пандемия жағдайы екі жылға дейін созылады деген болжам бар. Екі жыл болатын болса, бұл объект жұмыс жасамайды деген сөз. Әрі қарай жұмыс істей берсек, әрі қарай материалдық тұрғыдан қарызға кіре беретін түріміз бар. Сол себепті осы кезге дейін тоқтатамыз ба деген шешім қабылдады. Бұл жерде қаржылық тұрғыдан зардап шегіп отырған біздер. Бірақ біздің ешкімге ешқандай талабымыз жоқ. Талабымыз бар деп айтқан емеспіз ешқашан,– дейді «Айғаным» ЖК өкілі Абзал Құспан.

Тоңазытқышты орнатқан мердігер мемлекетке 1,5 млрд. теңге салық төлемегені аздай, 143 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырғаны үшін қазір қамауда отыр. Қондырғының жарамдылығын тексеру мүмкін еместігін түсінген кәсіпкер енді стадионды мемлекетке кері тапсырмақ. Басқа амалы жоқ.

Осы орайда облыстық спорт басқармасының мамандары құны қымбат тұратын мұздатқыш апараттардың істен шықпағанын айтады. – Бұл құрылғылар күні бүгінге істен шықпаған. Барлығы істейді. Тек осы құрылғыларға ток жеткізетін кабельдің үшеуін бірдей қосқан кезде құрылғының жанып кету қаупі бар. Бірақ қосалқы кабель істеп тұр. Яғни, мұздатқыш құрылғылар істен шыққан жоқ,– деді БҚО спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нигметуллин.

Мекемені кәсіпкердің есебінен 17 миллион теңгеге жөндетіп алған шенеуніктер бюджеттен көк тиын да шығармадық деп қуанып отыр. Енді нысанды тезірек қабылдап алсақ, жаңа жылда мұз айдынын көпшіліктің пайдалануына береміз дейді.

Айнара ИСА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»