Орал–Атырау трассасында болған жол апаты бір адамның өмірін қиды
10 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі «Орал–Атырау» автожолымен қозғалып келе жатып, маневр жасау кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде ол қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Camry» және «Hyundai Creta» маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол апатының салдарынан «ВАЗ-2115» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, «Hyundai Creta» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру