8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2026 84 0
Өзек

Орал қаласының активі Конституцияның жаңа редакциясын қолдады

Бүгін Орал қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын талқылау жөніндегі алқа отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, кәсіпкерлік, азаматтық қоғам, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Басқосуда сөз сөйлеген Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Конституцияның жаңа редакциясы Президент бастамашы болған жүйелі реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысының көрсеткен «Заң мен тәртіп» қағидасы, адам құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, ұлттық мүдде мен мемлекеттілік құндылықтарын нығайту – осы реформалардың негізгі ұстанымдары. Жобада ұлттық бірегейлікті сақтау, мемлекеттің унитарлық сипатын күшейту, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі мен құқықтық санасын арттыру секілді стратегиялық бағыттар айқын көрсетілген, – деді шаһар басшысы.

БҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жансұлу Төремұратова Конституция жобасында әділеттілік, әлеуметтік жауапкершілік, білім мен адами капиталға басымдық берілуі елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатынын атап өтті.

Орал қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы Жұмабек Жапбаркулов заң үстемдігін күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және адам құқықтарын жүйенің өзегіне айналдыру жаңа редакцияның басты артықшылықтары екенін айтты.

Қалалық мәслихат депутаты Михаил Дудниченков жаңа Конституцияны басқару жүйесінің тиімділігін арттыратын, цифрландыру мен заманауи технологияларды құқықтық деңгейде бекітетін маңызды құжат ретінде бағалады.

Ал «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дулат Жүсіпқалиев Конституцияның жаңа редакциясы жастардың сұранысына сай келетінін, онда ашықтық, жауапкершілік, цифрлық құқықтарды қорғау және белсенді азамат қалыптастыру қағидаттары нақты көрініс тапқанын жеткізді.

Алқа отырысына қатысушылар Конституцияның жаңа редакциясы елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және құқықтық мемлекетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтіп, ұсынылып отырған реформаларды қолдайтындарын білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша Орал қаласының әкімі жауапты мемлекеттік органдарға Конституцияның жаңа жобасының мәні мен мазмұнын тұрғындар арасында кеңінен әрі жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

БҚО баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
330 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
542 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»