ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР: ҚЫЗМЕТІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Орал қаласында «Қоғамдық кеңестер: қызмет мәселесі мен келешегі» тақырыбында республикалық конференция өтті. Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыруға бағыталған конференцияға ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Қалетаев, БҚО әкімі А.Көлгінов және қоғамдық кеңестер, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Республикада 229 қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Мүшелері – 4000-ға жуық. Батыс Қазақстан облысында 14 қоғамдық кеңес құрылған. Өңірдегі халық қалаулыларынан, зиялы қауым өкілдерінен және мемлекеттік қызметшілерден 376 адам кеңеске мүше.
Конференцияның пленарлық мәжілісін облыс әкімі Алтай Көлгінов ашып, кездесудің маңыздылығын, жиын барысындағы ұсыныстар, өзге өңірлердегі әріптестердің тәжірибесі алдағы жұмыс барысына септігін тигізерін атап өтті.

– Даму кезеңінде қоғамдық кеңес өз ықпалын көрсетіп келеді. Облыс әкімі ретінде қоғамдық кеңес алдында өңірде жасалып жатқан жұмыстар туралы төрт мәрте есеп бердім. Кеңес мүшелерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын тыңдап, жұмыс барысында ескеріп келеміз. Республикалық конференцияның Оралда өткеніне қуаныштымыз. Конференция жұмысына халықаралық сарапшылардың қатысып отырғаны қуантады. Елбасымыз дүниежүзілік алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға мән береді. Қазір облысымызда ЭЫДҰ-ның жобаларын енгізуде жұмыстанудамыз. Әсіресе, цифрландыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Конференцияда тиімді ұсыныстар қозғалады деп сенемін. Жергілікті атқарушы орган өкілі ретінде біз қоғамдық кеңес институтын дамыту мақсатында бірлесе жұмыстануға дайынбыз, – деген Алтай Сейдірұлы конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті Асылбек Қожахметов атап өткендей, Қоғамдық кеңестер туралы заңнама қабылданған уақыттан бері Азаматтық Альянс ҚР Қоғамдық даму министрлігімен бірлесе Қоғамдық кеңестердің рөлін нығайту, әлеуетін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. 2016-2017 жылдары альянс министрліктің тапсырысы бойынша қоғамдық бақылау функциясын жүзеге асыру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қоғамдық кеңестер үшін оқыту семинарларын ұйымдастырған және kazkenes.kz интернет ресурсы дайындалған. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев баяндады.
– Қоғамдық кеңес институты бүгінгі таңда билік тармағы мен қоғам, елдің арасындағы дәнекер көпір ретінде танылып отыр. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейлердегі қоғамдық кеңестер белсенді жұмыс жасауда. Қоғамдық кеңестер Елбасының 5 институционалдық реформасы шеңберінде және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99-тармағындағы «Кеңестер құру» тапсырмасы негізінде құрылды. Тапсырманы орындаудың бастамасында Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілетілік» индексінде 2014-15 жылдары 3,7 балға ие болсақ, қазір деңгейіміз өсіп, 4,6-ға жеттік. Бұл жұмыстың қарқынды жүргізілуі. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеу институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде халықтың 55 пайызы Қоғамдық кеңес жұмысын тиімді деп көрсетсе, 45 пайызы тиімсіз екенін көрсетті. Қоғамдық кеңестің жұмысына берілген баға, – деген Дархан Аманұлы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан әрі кеңесте қоғамдық кеңестердің қызмет жағдайының тиімділігін талдау және мәселелерді шешу мақсатындағы ұсыныстар айтылды. Қоғамдық кеңестердің болашағы және сапалық құрамы, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетін нығайтудағы қоғамдық кеңес рөлі, ЭЫДҰ-ның «Азаматтықәріптес ретінде» бастамасы, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер арасындағы ынтымақтастық нұсқалары талқыланды.
Атап өту керек, қоғамдық кеңестер алты бағыт бойынша жұмыс жасайды. Екі жыл ішінде кеңес мүшелері 12 мыңнан аса нормативтік-құқықтық актілерді қараған. Қоғамдық бақылау аясында құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына, ПИК-тердің жұмысы, қоғамдық көліктер қызметі, дәрі-дәрмектің және бірінші кезектегі тамақтың құнына байланысты 300-дей зерттеу жүргізілген. Осы уақыт ішінде 1609 маңызды мәселе қоғамдық тыңдауға шығарылып, оған 28 мыңдай халық қатысқан.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу