8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2021 2140 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

Орал қаласы әкімдігі  «Халық  қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қала тұрғындарынан аулаларды абаттандыруға өтінімдер қабылдайтын болады. 

Оралда биыл»Халық қатысатын бюджет» аясында 37 аула абаттандырылды. Бұл жоба қала тұрғындарының бастамасына бағытталған – олар өз аулаларынан не көргісі келетінін және балаларымен, егде ата-аналарымен бірге бос уақытын қайда өткізгісі келетіндігі туралы үлгі жоспарды қоса отырып, әкімдікке аулаларды абаттандыруға өтінім береді.

Қала әкімдігі алдағы жылға 31 ауланы  абаттандыруды жоспарлап отыр. Соған сәйкес өтінімдер күтіледі.

«Қазіргі уақытта үй маңындағы аумақтарды таңдау кезінде басшылыққа алатын басты қағидат – бұл тұрғындардың аулаларын абаттандыру жобаларын жасау процесіне қатысуы. Яғни, аулаларының жаңартудан өткенін қалайтын тұрғындар өздері бағдарламаға қатысуға ықылас танытып, өтініш берулері керек» – деп хабарлады қала әкімдігі.

Кешенді абаттандыру жұмыстарына өтініш uralsk.smartmap.kz геоақпараттық порталында жүргізілуде. Қала әкімдігі  өтінімдер қабылдау уақыты  қосымша хабарланатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» қағидаты бойынша аула аумақтарын кешенді абаттандыру 2020 жылы іске қосылған болатын. Бұл – қала тұрғындарының өздерінің бюджет ақшасын қалай жұмсайтынына бірлесе таңдау құқығын береді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»