8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Сәуір 2020 1492 0
Қалалықтар қаперіне

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЙТЫС ӨТЕДІ

Қазақстан тарихында алғаш рет ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың бастамасымен халық шығармашылығының қайталанбас сайысы – Айтыс онлайн режимде өтеді.

Айрықша іс-шараға республиканың өңірлерінен 16 суырып салма ақын қатысады. Олардың ішінде Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Сырым Әуезхан, Данияр Алдабергенов, Жұлдызай Маратбекова секілді халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар .

Байқаудың тағы бір ерекшелігі – сайыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналады.

«Өзекті мәселелерді өлеңмен көпшілік алдында айту біздің елдің ежелгі дәстүрі. Біз қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуді дәріптеу үшін ең тиімді мәдени құрал ретінде қазақ айтысын пайдалануға міндеттіміз» дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев.

Жалпы карантин кезеңінде онлайн режимде хабар таратудың шектеусіз қол жетімділігі арқылы барлық қалың бұқара қамтылады деп күтілуде. Жарыс 9 сәуірде қатысушылардың жеребе тартуы мен жұптарды бөлуден басталады. 9 және 19 сәуір аралығында 1/8, 1/4 және 1/2 финалдары өтеді. Онлайн айтыстың финалы 2020 жылдың 18 және 19 сәуіріне жоспарланған.

Сайыстың өту барысын барлық ниет білдірушілер штабтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көре алады.  Facebook-те «Республикалық ақпараттық ағартушылық штаб», Instagram-да және YouTube-те «anticor_shtab_kz» парақшалары.

Жеңімпаздар «Antiсor_shtab_kz» телеграм арнасында онлайн дауыс беру және мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков бастаған қазылар алқасының арасында дауысты пайыздық қатынаста бөлу арқылы анықталады.

Бас жүлдеге «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі Tengri эксклюзивті этно-инсталляциясын және «Біз біргеміз» логотипімен кәдесый ұсынады.

 

 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелер:

https://web.facebook.com/groups/anticorshtab.kz

https://www.instagram.com/anticor_shtab_kz/

https://www.youtube.com/channel/UCCoZy6C6an6C0y-YE6qvOZg?view_as=subscriber

https://t.me/ripsh_antikor

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
447 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
504 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
516 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
566 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
790 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
768 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
719 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
763 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
946 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»