8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2026 402 0
Өңір жаңалықтары

Он бес тұрғын аман қалды

Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ондаған адамның өміріне төнген қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Оқиға Самал көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт баспалдақ алаңында сақталған жеке заттардың жануынан шыққан.
Өрт туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция инспекторлары Азамат Тілеков пен Әлихан Аманғалиев жетті. Олар төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін уақыт оздырмай тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.

Полицейлердің үйлесімді әрі шұғыл әрекетінің нәтижесінде 15 тұрғын, оның ішінде үш бала құтқарылды. Сонымен қатар түтін басқан ғимараттан бір адам қауіпсіз жерге шығарылып, медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Кейін оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өртті қысқа мерзімде оқшаулап, толықтай сөндірді. Абырой болғанда, өрт салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
325 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»