Облыста 452 мыңнан астам сайлаушы тіркелген
БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың айтуынша, сайлау науқанының күнтізбелік жоспарына сәйкес, өңірдегі дайындық жұмыстары бірнеше бағыт бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Алғашқы маңызды қадамдардың бірі – сайлау комиссияларының құрамын, орналасқан жері мен жұмыс уақытын жариялау болды. 2026 жылғы 7 шілдеде облыстық, сондай-ақ аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Сайлау учаскелерінің жұмысына қатысты ақпарат та қолжетімді. 16 шілдеге дейін учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мен сайлау учаскелерінің шекаралары жарияланды. Бұл – азаматтардың өз сайлау учаскесін алдын ала анықтап, дауыс беруге дайындалуы үшін қажет.
Сайлаушылар тізімдерін нақтылау жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста 452 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Сайлаушылар тізімдері тамыздың 2-сінде тиісті акт бойынша учаскелік сайлау комиссияларына нақтыланып ұсынылады.
Өз деректерін тексере алады
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың жекелеген санаттары бойынша мәліметтерді нақтылап жатыр. Атап айтқанда, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар, студенттер, әскери қызметшілер және басқа да сайлаушылардың тізімдегі деректері тексерілуде. Сонымен қатар 23 тамызға дейін 18 жасқа толатын 1934 жас азаматтың сайлаушылар тізіміне енгізілуі қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар 30 шілдеге дейін жалғасады.
Сайлаушының өз деректерін алдын ала тексеруі де маңызды. Осы мақсатта 7 тамыздан бастап учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылар тізімдерін азаматтардың танысуына ұсынады. Яғни, тұрғындар өз учаскесіне барып, тізімнен аты-жөнін және өзге де деректерін тексере алады. Егер қандай да бір сәйкессіздік анықталса, оны белгіленген тәртіппен түзетуге мүмкіндік беріледі.
Сайлау күні мен дауыс беру тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары да алдын ала жүргізіледі. 12 тамызға дейін азаматтарға дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабарланады. Бұл үшін шақыру қағаздары таратылып, тұрғындар сайлауға қатысуға шақырылады.
Сайлауға қажетті негізгі құжаттардың бірі – дауыс беру бюллетеньдері. Учаскелік сайлау комиссияларын бюллетеньдермен қамтамасыз ету 20-22 тамыз аралығында, яғни дауыс беру күніне кемінде бір күн және үш күннен ерте емес мерзімде жүзеге асырылады.
Ал 23 тамызда ел азаматтары өз таңдауын жасайды. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Осылайша, сайлау науқанының әр кезеңі нақты мерзімдермен белгіленіп, тиісті ұйымдастыру шаралары рет-ретімен жүзеге асырылуда. – Қазір басты міндет – сайлаушыларды ақпараттандыру, тізімдердің дұрыстығын қамтамасыз ету және дауыс беру күнін ұйымдасқан түрде өткізу, – дейді Әділ Жоламанов.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Толығырақ “Жайық үні” газетінен оқи аласыздар
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру