8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2017 1851 0
Қоғам

«ОБЛЫС ҚАЗЫНАСЫ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ»

Батыс Қазақстан облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджетті атқару, облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, облыстық коммуналдық меншiктi басқару және оны қорғау жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Осы орайда өңір қазынасын зерделеп отыратын аталмыш мекеменің басшысы Айгүл Салахатдинованы сөзге тартып, басқарманың жұмыс барысы, ел экономикасының өркендеуіне септігін тигізіп жүрген қаржыгерлердің қоғамдық белсенділігі жайында сұрап білдік.

– Айгүл Бақытжанқызы, тарих қойнауына енген 2015 жылы қаржы басқармасында қандай жұмыстар атқарылды?

– Кіріс көздеріне қарамастан, барлық қаржыны өз мақсатына тиімді жұмсаудың маңыздылығы күн санап артуда. Біз де өзімізге жүктелген жауапкершілікті лайықты атқарып, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың кең көлемде жүзеге асуына үлесімізді қосып, ел игілігі үшін еңбек еттік. Әрине, өңір бюджетінің әлеуметтік сипаты басым. Әлеуметтік саланы қолдау, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында өткен жылы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаржы тиімді жүзеге асырылып, «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттерге сәйкес іс-шаралар ретімен атқарылды. Тағы бір айта кетерлігі, 2015 жылдың қорытындысымен бюджеттің орындалуы  бойынша облыстық және республикалық маңызы бар қалалар арасындағы рейтинг бойынша Батыс Қазақстан облысы 2-орынды иеленіп, жос-пар бойынша орындалуға тиісті 142,2 млрд. теңгенің 142 млрд.-ы, яғни  99,9 пайызы толықтай игерілді. Ал республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің 45,1 млрд теңгеге – жүз пайыз игерілуі тек біздің облысымызда ғана орын алды. Демек осындай нәтижелі жетістіктерге жетуіміздің өзі – басқарма қызметкерлерінің атқарып отырған жұмысының жемісі.
Сонымен қатар былтырғы мерейлі даталар шеңберінде мекемеде түрлі мерекелік іс-шаралар,  көрмелер, дөңгелек үстел, тақырыптық кездесулер өтті. Тарихты ұлықтай білетін қаржыгерлер Ассамблея жылына орай Оралдағы   Ғабдолла Тоқайдың мұражайында болып, Астана күні қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Елбасы және Тәуелсіздік» залының ашылуына қатысты. Аға ұрпақтың өкілдерін құрметтеп, мерекелік концерт ұйымдастырып, қаржы саласында ұзақ жылдар еңбек еткен зейнеткерлердің көңіл күйлерін көтеріп,  халықаралық қариялар күнінде оларға  құттықтау хаттар мен сыйлықтар табыстадық.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
21 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»