8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 3783 0
Қоғам

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

Жоба аясындағы облыстың жалпы білім беру ұйымдарында жоспарланған шаралар туралы бүгін, 12 ақпан күні фейсбуктағы БҚО білім басқармасының BQO BILIM News парақшасындағы тікелей эфирде басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева айтып берді. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін атап өтті. Бұл  тапсырманы орындау үшін «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген. Бастауыш сынып оқушылары үшін рухани құндылықтарды, оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында үзілістер арасында ертегілерді оқу ұйымдастырылып, нәтижесінде оқырмандар конференциясы оздырылады.

–  Жоба шеғберінде  облыстағы жалпы білім беру ұйымдарында кітап оқуды қолдау және беделін арттыру мақсатында негізгі буын білім алушылары арасында «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» атты оқырмандар акциясы өткізіледі. Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Қызықты кітаппен демалыс» оқырман марафоны жоспарланды. Сондай-ақ «Оқы және өзгеге сыйла» атты Bookcrossing кітап алмасу бойынша арнайы орындар ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдайды, – деді Айгүл Әділгерейқызы.

Осы жоба аясында отбасылық оқуға арналған кітаптар тізімі жасақталып, қазіргі уақытта READx book «Өзің оқы және басқаларға ұсын» жобасы бастау алды. Оқуға тарту үшін ерте жастан бастап отбасымен бірге «Бір отбасы – бір кітап» атты оқырмандар акциясы ұйымдастырылады. Облыстың барлық кітапханаларында жерлес жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Әдеби Ақжайық» жобасы, «Әкеммен кітап оқимын» инста-акциясы, «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы» байқауы жүзеге асырылуда.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»