8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2019 1974 0
Қоғам

ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІН АРТТЫРУ НАЗАРДА

Неке – жеке отбасылық мәселе болып көрінгенімен, бүтін бір мемлекеттің мәселесі. Бүгінде отбасы құндылықтарының әлсіреп, «отбасы – шағын мемлекет» түсінігін жастардың жеңіл қабылдайтыны қоғамды алаңдатуда.  Осы ретте биыл қала әкімдігінің бастамасымен 2019-2021 жылдарға арналған қоғамдағы отбасы рөлін арттыру бойынша қалалық жұмыс тобы құрылып, отбасын сақтауға қолдау көрсету мақсатындағы кабинеттер ашылды. Аптаның алғашқы күні аталмыш жұмыс тобы «Жас отбасыларын қалыптастыру мектебіндегі» психолог кабинетінің және №2 қалалық соттағы отбасы кабинетінің жұмысымен танысты. 

«Отанның отбасынан басталатынын» екінші орынға қойып, түсініспеушілік пен кикілжіңге бой алдырулары әсерінен жас шаңырақ иелерінің ажырасуы жиіліп кеткені жасырын емес. Осы жылдың сәуір айындағы есеп бойынша жыл басынан 636 жұп неке қидырып, 428 отау бұзылған. Бұл – некеге тіркелгендердің 67,2 пайызы. Ажырасушылардың күрт көбеюіне байланысты қала әкімдігінің шешімімен үш жылға арналған қоғамдағы отбасы рөлін арттыру мақсатындағы жұмыс тобы құрылып, жан-жақты шаралар қолға алынды. Соның арқасында бүгінгі күні ажырасушылардың санын азайтуға алғашқы қадам жасалды. Нәтижеге бағытталған жұмыс сәтті жүргізілуде. «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен Салтанат сарайында апта сайын өткізілген тренингтерге неке қидыруға ниеттенген 180 жұп қатысып, кеңес алса, «Жас отбасыларын қалыптастыру мектебі» жобасы аясында «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ашылған психолог кабинетінде бір айдан астам уақытта 30 шақты жұп қабылданған. №2 сотта жыл басынан бері жұмыс жасайтын «отбасы кабинеті» де араларына сызат түскен ерлі-зайыптыларды қайтадан жарастыруға ықпал етіп келеді. Қазір некеге отырғандармен салыстырғанда ажырасушылар 43,6 пайызды құрап отыр. Демек, нәтиже бар. Тағы бір айта кетерлігі, отау құруға ниетті тараптар алғашқы психологиялық кеңестен кейін де қосымша тренингтерге қатысуға және отбасын құрғаннан кейінгі алғашқы жылдарда мамандардың көмегін алуға ықыласты екендіктерін білдіруде.

«Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азат Сейтимовтың айтуынша, психологиялық кабинетке жүгінетіндердің жас ерекшеліктері – 25-35 жас аралығында. Психологиялық кеңес тегін көрсетіледі және кеңес алушылар туралы мәлімет құпия сақталады.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Анаргүл Сисенова атап өткендей, жүргізілген зерттеулер тұрмыстық зомбылық, жұптардың бірінің ішімдікке немесе есірткіге салынуы, материалдық қиындықтар – ажырасудың негізі екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, жұбайлардың өмірге көзқарастарының сәйкес келмеуінен болатын ажырасу фактілері жоғары көрсеткішке ие. Сондай-ақ бедеулік те ерлі-зайыптылардың айырылысуына негіз болатын себептердің бірі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»