8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Желтоқсан 2019 1573 0
Қоғам

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ 7-СЫНЫПТАРЫНДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылынан Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады.

– Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ NIS-programme білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асады. Оқушылардың жеке қызығушылығы мен мүдделерін ескере отырып, оқытудың екі деңгейіндегі оқу пәндерін таңдаудың оңтайлы жүйесі ұсынылады. Оқушы жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті оқу пәндерін тереңдетілген деңгейден де, стандартты деңгейден де өз қалауымен таңдайды. Тереңдетілген деңгейде оқытылатын пәндер бағдарламасы ЖОО-ның бірінші курс материалдарына сәйкес келеді. Сондықтан НЗМ түлектері Қазақстанның 10 ЖОО-на бірден екінші курсқа түсе алады. Сонымен қатар мектеп жанында 129 оқушыға арналған жатақхана бар. Онда облыс аудандары мен өзге қалалардан келген зияткерлерге бар жағдай жасалған, –дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдар Сұлтанов.

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Айдана Хамидуллинаның хабарлауынша, құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 18 желтоқсаны мен 2020 жылдың  31 қаңтары аралығында Московская көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша жүреді.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні 10.00-ден 15.00-ге дейін;  түскі үзіліс уақыты: 12.30-13.30. Мереке күндері: 2019 жылдың 31 желтоқсаны және 2020 жылдың 1, 2, 3, 7 қаңтары.

Үміткердің қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет құжаттар тізімін ura.nis.edu.kz сайтының «Ата-анаға» бөлімінен, @nis.oral парақшасынан алуға болады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»