Назарбаев даңғылында тағы бір жол апаты тіркелді.
Кеше Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға орнында “Lada Vesta” және “Lada Priora” маркалы екі көлік соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, “Lada Vesta” көлігі жол ережесін бұзып, басқа көлікке жол бермеген болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, апат салдарынан көлік жүргізушілерінің бірі әртүрлі дене жарақатын алған. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді.
Айта кетейік, апта басталғалы бері дәл осы Назарбаев даңғылында үш жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Жергілікті полиция тұрғындарды жолда мұқият болуға және қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру