8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Ақпан 2021 1317 0
Қалалықтар қаперіне

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ОН КҮН ТОЙЛАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды, деп жазды tengrinews.kz

Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:

14 наурыз – «Көрісу күні»
15 наурыз – «Жайлау күні»
16 наурыз – «Шежіре күні»
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
18 наурыз – «Игі істер күні»
19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні»
20 наурыз – «Зияткерлік күні»
21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
23 наурыз – «Жоралғы күні»

Концепцияға сәйкес мейрамның міндеттері мынадай:

1) Жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайтатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ынтымақ-бірлікті арттыру;
мейрам кезінде әр адам отбасына, ата-анасына барып, хал-жағдай сұрасу арқылы отбасы институтын күшейту;
2) азаматтық бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық жасау мәдениетін дамыту;
3) этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту;
4) Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды ұғыну, экологиялық мәдениетті және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастамаларды дамыту.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру мән мәтінінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтудің мәні жоғары. Наурыз – үйлесімнің, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді қалыптастыру, сананың ашықтығын арттыру тұрғысынан маңызды мейрам», – делінген тұжырымдамада.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»