«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЛОГОТИПІ ӨЗГЕРДІ

«Соңғы бес жылдың ішінде заңнамалық өзгерістер мен жаңа тәжірибелерге сәйкес, партия жарғысына кейбір нормаларды енгізу қажеттігі туындап отыр. Ең алдымен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты партияның мемлекеттік тілдегі атауында латын әріптерін қолдану ұсынылуда. Экраннан партияның жаңартылған логотипін көрулеріңізге болады. Ұсынылып отырған логотипте күннің 17 сәулесі бейнеленген. Ол біздің облыстарымыз бен Алматы, Шымкент, Астана қалаларын символикалық тұрғыда бейнелейді. Осы ретте партияның латын әліпбиіндегі атауын – Партия Төрағасының өз қолымен жазғанын атап өткім келеді» деді Мәулен Әшімбаев экраннан «Nur Otan» деп латын әріптеріне өзгертілген логотипті көрсете отырып.
https://egemen.kz/article/184005-nur-otan-partiyasynynh-logotipi-oezgerdi
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу