«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары шақырылады. Сондай-ақ, бұрын олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары олимпиадаға қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасын өткізуде. Олимпиаданың мақсаты-Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектептердің қабілетті оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға қатысу үшін сайтта қатысушының тіркелу формасын https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында толтыру қажет. Өтініш 24 ақпан-24 наурыз аралығы қабылданады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу