8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2019 2870 0
Қалалықтар қаперіне

МУЗЕЙДЕ ӨТЕТІН ШАРАЛАРДЫҢ КУӘСІ БОЛЫҢЫЗ

Бүгін, 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Айтулы осы мерекеге орай  БҚО тарихи-өлкетану музейінде  «Бабалар мұрасы – ұрпақ қазынасы» тақырыбы аясында мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылады.

Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, зерделеумен қатар, қазіргі жаһандану талаптарына сай, көпшілікпен байланыс орнатудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, кейінгі ұрпақты дәстүрлі құндылықтарымызбен тәрбиелеуде белсенді рөл атқарып келеді.

Аталмыш мерекеде Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі және қалалық бөлімдерінде әдеби – сазды кештер, мерекелік концерт, тарихи – танымдық экскурсиялар, квест ойындары, көрмелер мен театрландырылған көріністер өткізілмек.

Мерекелік бағдарлама легі сағат 10.00-де С.Ғұмаров музей үйінде «Жас суретшілер әлемі» көрмесімен басталады.  Сағат 12.00-де М.Мәметова музей үйі «Мәнсия» тақырыптық экскурсиясын, Е.Пугачев музей үйі сағат 13.00-де «Ғасырлар қойнауынан жеткен тарих» көрмесін ұсынады.

13.00-де Рухани жаңғыру музейінде «Тарих беттерінің куәгерлері» атты театрландырылған қойылыммен көрменің ашылуы өтпек. 14.00-де Табиғат және экология музейі «Ұлы дала қызғалдағы» атты мәдени шара ұйымдастыруда. Пушкин музейі сағат
15.00-де   «Пушкин балы» атты әдеби-сазды кешке шақырады.

16.00-ден бастап шаралар облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасады. Біріншіден, Ассамблея залында   «Ертегілер әлеміне саяхат» жасалмақ.
17.00-де осы музейде «Квест» ойыны өтеді. 19.00-де музей алаңында Робототехника, Археология залында Саздан бұйым жасау өнері бойынша шеберлік сағаты өтеді.

20.00-21.30 аралығында музейдің барлық залдары бойынша «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбымен жерлес жас ақындардың экскурсиялық марафоны жүргізілмек. Сондай-ақ музейге келгендер  LED экраннан аудандық музейлердің жұмысымен және оларда жинақталған жәдігерлермен таныса алады.
Музей алаңында арқан тартысу, қой көтеру, асық ату сынды Ұлттық ойындар ойнатылады. Бұдан әрі, яғни 22.00-де Домбыра-Party ұйымдастырылып, 21.30-23.00 аралығында «Түнгі музей» мерекелік концерті ұсынылмақ және 1 сәуір мен 18 мамыр аралығында музейге билет алғандар арасында Лоторея ойнатылады. Басты сыйлық – теледидар.


Бұл күні түнгі 01.00-ге дейін музей залдарына экскурсия жасауға мүмкіндік бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»