8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қазан 2021 1999 0
Қоғам

«ӨМІРІ– ӨНЕГЕ, ӨНЕГЕСІ – ӨМІР»

Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қызметкерi, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық ғылымдар академиясының, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Орал қаласының құрметті азаматы, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесiнiң төрайымы Шалқыма Құрманалина мерейлі 75  жасқа толды. Ғалым-ұстаздың құрметіне орай Достық үйінде «Өмірі – өнеге, өнегесі – өмір» атты кеш ұйымдастырылды. Мерейтой иесін қала басшысы Абат Шыныбеков құттықтады.

 

– Шалқыма Хайроллақызы жан-жақты, қоғамның белсенді  өкілі ретінде жоғары құрметке бөленген жан. Десек те, ең бірінші кезекте ұстаз ретінде танимыз.  Ұстаздық мамандықты таңдап, сол мамандыққа жан дүниесін берген және өз мамандығының майталманына айналған тұлға. Өзім де ұстаздар жанұясынан шыққандықтан және ата-анамның Шалқыма Хайроллақызымен әріптес-сыйлас жандар болғандығынан бала кезімнен танитын едім. Ал таныстығымның екінші кезеңі үлкен өмірге қадам басып, мемлекеттік  қызметке қадам басқан кезімде жалғасты. Педагогикалық қызметінен бөлек, қоғамдық өмірде, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы барлық мәселелерді бірлесе талқылап, шешуге үлес қосып келеді. Оған да 20 жылға жуық уақыт болған екен. Алғашқылардың бірі болып, сонау 90  жылдардан бастап мәслихаттың депутаты  ретінде қаланың тыныс-тіршілігіне жан-дүниесімен көңіл бөлді. Ең басты байлығы – әрине отбасы, сонымен қатар еліміздің әр түкпірінде еңбек етіп жүрген, ұстазына жоғары құрметпен қарап, мақтанышпен айтып жүретін шәкірттері, – деген Абат Абайұлы Қазірдің  өзінде  аналар кеңесінің төрайымы ретінде ақыл-кеңесімен бөлісіп, ізінен ерген сіңлілеріне зор үлгі көрсетіп отырғанын атады. Мерейтой иесінің  деніне  саулық, отбасына амандық тілеп, сый-құрметін көрсетті.

Шараға жиналған кеш иесінің бауырлары Шалқыма Хайроллақызының балалық шағы, отбасы туралы естеліктерімен бөліссе, үзеңгілес замандастары қызмет еткен жылдарда жаңашылдықты енгізе білген озық тәжірибелері, бастамасымен қолға алынған жобалар туралы әңгімеледі.

Мерекелік шара ұлағатты ұстазға арналған концерттік бағдарламамен өрілді.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»