8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2018 3479 0
Қоғам

МИРА ӘПКЕ

Кіндік қаны тамған жерін,

Барлық  пенде  сүйеді.

Ел-жұртын  жүрегіне

Сақтап, басын иеді.

Талай дарын, дүлдүлдерді,

Дүниеге әкелген.

Әпке сенің туған жерің –

«Бисен елі»  киелі!

 

Туған елге жетелей ме,

Көңілден ұшқан титтей құс,

Қарлығаштарға айтылды ма,

Елге деген сағыныш.

Балалықтың бал дәурені,

Ата-ананың бейнесі

Қалған жерге ап келді ме,

Жүректегі қайрат, күш!

 

Сіз келді деп қуануда,

Сөз сыйлаған  қауымың.

Әңгімеңізді сүйіп оқып,

Аламыз апа,  тағылым.

Төбесіне көтереді

Жазушы қызын ауылым.

 

Жанға жеңіл, дертке дауа,

Тілегіңіз де шырайлы,

Боямасыз кейіпкеріңіз

Өмірде бар  шынайы.

Тіршіліктің  қыр мен сырын,

Оң мен солын ұқтырған,

Әпке, маған сіздің әрбір

Әңгімеңіз  ұнайды.

 

Патриоттық рух береді,

Жырларыңыз  жалынды.

Көзі ояу оқырмандар,

Кітабыңызға  табынды!..

Қаламыңыз жүйрік болып,

Мұқалмасын, әпкетай.

Жаза берші, жаза түсші…

Нарын Құм мен ауылды

 

Әпке, нәзік  иығыңда

Нардың артар жүгі бар,

Қарымды  қаламыңда

Талай жанның сыры бар.

Қилы-қилы тағдырлардың

Арзандамас құны бар…

 

Жан сергітсе шығармасы,

Жазушының бағы еді.

Құрмет тұтқан ауылдасқа,

Сыйым осы қаделі.

Ала келдім өзіңізге,

Ағайынның тілегін.

Жасай берсін, жайнай берсін,

Мира әпкемнің әлемі!

 

Е. МҰҚАШЕВА,

Бисен ауылы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
20 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»