8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2018 2366 0
Қалалықтар қаперіне

МЕРЕКЕНІ ҚАУІПСІЗ ӨТКІЗЕЙІК

Мерекелі күндері өрттің туындау қаупі жоғары. Сол себепті БҚО ТЖД күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактика және бақылау қызметі басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Төрегелдиев мерекелік шаралар алдындағы төтеншеліктердің дайындық жұмыстарын мәлім етті.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында БҚО ІІД мен БҚО ТЖД-ның мерекелерді өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларының жоспары жасалған. Таяу күндері БҚО ІІД Орал қалалық жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторларымен бірге рұқсат етілмеген орындарда пиротехникалық өнімдерді сататындарға рейд жүргізіледі. Балаларға өрт туындаған жағдайда әрекет етуді үйрету мақсатында облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығында «Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері» тақырыбында интерактивті сабақ өткізіледі.

 

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік нысандарда және сауда үйлері мен ойын-сауық кешендері, халық көп жиналатын ғимараттарда қауіпсіздік шаралары қамтамысыз етілуі керек. Бүгінде облыстық ТЖД тарапынан мекеме-ұйым басшылары мен жетекшілеріне мерекелерді өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелеріне байланысты түсіндіру хаттары жіберілген.

Департамент қызметкерлері еріктілермен бірге халық көп жиналатын орындарда жаңа жыл мерекесін қауіпсіз ұйымдастыру және пиротехникалық өнімдерді қолдану ержелері туралы ақпараттық жадынамалар таратуда.

Салтанатты шараларды өткізу алдында Өрт қауіпсіздігін қадағалау инспекторлары ғимарат басшысымен бірге мерекені өтетін орынға комиссиялық бақылау жүргізеді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»