8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2018 3629 0
Қоғам

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ

 27-29 қарашада Орал қаласының  аумағында орналасқан 56 жалпы орта білім беретін мектептерде және 49 балабақшаның жоғарғы топ тәрбиеленушілері арасында қала әкімшілігі, прокуратура, білім беру бөлімі, ата-аналар комитеті, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерінің  қатысуымен «Мен және менің полицейім» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – балаларды полиция жұмысымен, сондай-ақ қоғамдық орындардағы және жол тәртібі ережелерімен таныстыру.

Акция барысында мектеп инспекторлары мүдделі орган қызметкерлерімен бірлесіп, жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларына, мектепке дейінгі мекемелердің жоғарғы топ тәрбиеленушілері үшін «Полиция – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесулер, дәрістер және тематикалық ойындар өткізіп, бүлдіршіндерге қоғамдық орындардағы мінез-құлықтары, жолда  жүру ережелері, таныс емес адамдармен қарым-қатынасы тәртібі туралы түсінік берді.

Ақция барысында Орал қаласы аумағында 229 іс-шара ұйымдастырылды. Оның 178-і дәрістер және оқушылармен әңгімелесулер. 13-і балабақша тәрбиеленушілері арасында өткізілген тематикалық ойындар.

Бастауыш сынып оқушыларына учаскелік полиция инспекторларының және  жол полициясының автокөліктері көрсетіліп, полицейлердің алдында тұрған негізгі міндеттері түсіндірілді.

 

Мадина Құспанова, Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция майоры

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»