8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Мамыр 2022 1586 0
Мәдениет

Мемлекеттік қызметшілер Тіл байқауында!

Кеше Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық байқау өз мәресіне жетті.
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткен дәстүрлі байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тіл саясатын арттырып, рухты көтеру болатын. Алдымен дәстүрлі байқауға 24 мемлекеттік қызметшіден өтінім түсті. Доданың 1-іріктеу кезеңі онлайн түрінде үміткерлер «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» тақырыбында эссе жазды. Бұл жұмыстарын арнайы құрылған сарапшы топ қарап, 18 жұмысты екінші кезеңге жолдады.
Байқаудың 2-кезеңінде қатысушылар өзін жан-жақты таныстыратын бейневизитка дайындады. Нәтижесінде он төрті үшінші кезеңнің ашық байқауына жолдама алды. Олар: БҚО Полиция департаментінің, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің және БҚО мәдениет басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарының мемлекеттік қызметшілері болатын.


Сонымен, Қадыр ақынның орталығында 27-мамырда өткен қортынды сайысқа қазылық жасаған облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Е.Галиев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО филиалының төрағасы Б.Жексенғалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы В. Масимова, Орал қалалық «Жайық үні-Жизнь города» газетінің редакторы, жазушы М.Шүйіншалиева және «Тіл мұра» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары И.Суетиналар тіл додасын әділ бағалады.
Байқау қатысушылары әр кезеңде балдық жүйемен бағаланып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Бас жүлдені Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Серік Асхат Сағынбайұлы жеңіп алды.
Жүлделі 1-орынды БҚО Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Қанафин Әлібек Есенжанұлы иеленді. 2-орынды БҚО мәдениет басқармасының бас маманы Рамазанов Ақжол Қайырбекұлы, жүлделі 3-орынды Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Исмагулова Бұлбұл қаңжығасына байлады
Сайыскерлерге марапаттарын табыстаған аға-апалар ақ жол тілеп, өз ой-пікірлерін айтты. Біз барша жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз.
Нұрай ҚАЙЫРОВА.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»