Мемлекеттік қызмет – елге деген адалдық пен үлкен жауапкершіліктің жолы
Мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші – білімді, білікті және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар. Бүгінде елімізде осындай азаматтарға жол ашатын маңызды бастамалардың бірі – Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Президенттік және өңірлік кадр резерві жобалары.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Батыс Қазақстан облысының өңірлік кадр резервінің мүшесі болу мен үшін үлкен сенім мен жауапкершілік жүктеді. Бұл жоба жас мамандарға өз әлеуетін көрсетуге, кәсіби қабілеттерін дамытуға және мемлекеттік басқару саласына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді.
Ең алдымен, осындай мүмкіндіктерді жастарға ұсынып отырған мемлекетке алғысымды білдіремін. Бұл бастама жастарға көрсетілген сенімнің және олардың еңбегі мен біліміне берілген бағаның көрінісі.
Өңірлік кадр резерві әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, жаңа буын басқарушыларын қалыптастыру мақсатында құрылған. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды: заңнамалық білімді бағалау, жеке қасиеттерді анықтау, құзыреттерді бағалау, сұхбат және жобаларды қорғау. Бұл кезеңдер үміткердің тек білімін ғана емес, көшбасшылық қабілетін, ойлау жүйесін және жауапкершілігін де бағалауға мүмкіндік берді.
Менің мемлекеттік қызметтегі жолым 2012 жылы басталды. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін «Есеп және аудит» бағыты бойынша қосымша білім алдым. Еңбек жолым туған жерімде, Казталов ауданы әкімдігі аппаратында іс жүргізуші қызметінен басталып, жетекші маман, бас маман және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы лауазымдарына дейін жалғасты. Қазіргі таңда өңірлік кадр резервінің мүмкіндігін пайдаланып, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарып келемін.
Мен үшін мемлекеттік қызмет – тек кәсіби сала ғана емес, халыққа қызмет ету мәдениеті. Әрбір шешімнің артында адамдардың тағдыры, қоғамның сенімі және мемлекеттің болашағы тұрады.
Бүгінгі мемлекеттік қызметші – цифрлық өзгерістерді меңгерген, ашық ойлайтын және қоғаммен тиімді байланыс орната алатын жаңа буын өкілі болуы тиіс.
Өңірлік кадр резервіне ену мен үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы ғана емес, алған білім мен тәжірибені ел игілігіне бағыттауға берілген жауапты мүмкіндік.
Жұлдыз Жусупова,
БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру