Мемлекеттік наградалар табысталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтармен кездесіп, оларға мемлекеттік наградалар табыстады.
Салтанатты шара барысында кәсіпкер Әнуар Марданов «Құрмет» орденімен наградталды. Сондай-ақ БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Асқар Мұқамбетжанов, БҚО әкімі аппаратының бөлім басшысы Данияр Бахишев, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, Тасқала ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ БҚОФ төрағасы Архат Исламғали, «Заман» ҚБ төрағасы Асхат Өкшебаев, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті Әсет Сұлтанұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Аймақ басшысы марапат иелерін жоғары наградаларымен құттықтап, олардың әрқайсысы өңірдің өсіп-өркендеуіне, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және ел мүддесіне қызмет ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқанын атап өтті.
Мемлекеттік наградалар – азаматтардың адал еңбегі мен ел алдындағы жауапкершілігінің, қоғамдағы белсенді ұстанымы мен кәсіби біліктілігінің жоғары бағалануы. Бұл марапаттар иелерінің абыройын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болатын тағылымды жолды айқындай түседі.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс, отбасыларына амандық, жұмыстарына береке тілейміз!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру





