8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2019 1512 0
Қоғам

МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ИЕЛЕРІН ТАПТЫ

Бүгін облыс әкімдігінің «Ақжайық» залында өткен Тәуелсіздік күніне арналған жиында Елбасы Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сол марапаттарды өңір басшысы Ғали Есқалиев салтанатты түрде иелеріне табыстады.  

  –  Баршаңызды отандастарымыз үшін ең қастерлі мереке саналатын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тірлігі жарасқан, бірлігі бағын ашқан еліміз қазақ халқында  «Ынтымағы берік елдің ырысы мол» деген даналық сөз бар. Бірлігіміздің арқасында қазақ елінің аты төрткүл дүниеге таралып, көкбайрағы көкте желбіреді. Тәуелсіздігіміздің нәтижесінде тұғырымызды тауып, рухани-мәдени байлығымызды түгендедік. Елбасымыздың «қазақ баласының бір-бірінен артық кемі жоқ» деген әдемі сөзі бар. Отанымыздың дамуына Қазақстанның барлық ұлыстары өз үлесін қосты. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы жұртшылығы тәуелсіздік жолында ерен күшпен еңбек етті. Сонау 1991 жылдан бері  өңіріміз өркендеді. Экономикамыз  біртіндеп дамып, халқымыздың әл-ауқаты артты. Рухани-мәдени жетістіктерге қол жеткіздік. Ұмыт қалған мұрамыз қайта жаңғырды. Осының барлығы ел бірлігінің, ел азаматтарының еңбекқорлығының, отандастарымыздың болашаққа деген нық сенімінің арқасы деп білемін.  Табан астындағы топырақтың қадірін білмей, кең байтақ Отанды сүю мүмкін емес. Өңірге, қала берді Отанымызға жасаған еңбектеріңіз еселеніп қайтсын,  – деді облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Бұл күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Сердеш Қажымұратов «Парасат» орденіне, «АсанАул» ЖШС директоры Бейбіт Асанов, «Жайық Ет» ЖШС бас директоры Темірғали Ескендіров, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Тәжмұқанов «Құрмет» орденіне, Қазталов ауданындағы «Дорремсервис» ЖШС-ның тракторшы-машинисі Ахат Мұханбеткереев, Жаңақала ауданындағы «Бірлік мал зауыты» ЖШС аға шопаны Қойшыбай Сапаров, Теректідегі «Прогресс» шаруа қожалығының комбайншысы Александр Челик ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болды. Сондай-ақ бірқатар азаматтар «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ҚР Президентінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты шара түстен кейін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында концерттік бағдарламаға жалғасты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»