Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation (СNPC) директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады
🟦Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
🟦Мемлекет басшысы осы жылдар аралығында компаниямен жоғары деңгейде ынтымақтастық орнағанына назар аударып, еліміздің энергетика секторы үшін мәні зор ауқымды жобаларды бірге атқаруға мүдделі екенін жеткізді.
🟦Әңгімелесу кезінде көмірсутегін өндіру және өңдеу бағытындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселесіне ден қойылды.
🟦Президент жылдық қуаты 12 миллион тоннаға дейін жететін Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту өзекті екенін айтты. Сондай-ақ газ химиясы өндірісін дамыту перспективасына тоқталды.
🟦Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы карбамид зауытының құрылысы жөнінде пікір алмасты. Аталған кәсіпорын еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуіне тың серпін береді.
t.me/aqorda_resmi
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру