8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2021 1355 0
Қоғам

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: БҚО-ДА 1400-ДЕН АСТАМ ОҚУШЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жыл басынан бері «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер батысқазақстандық 1469 оқушыға көмек көрсетті. Бұл туралы БҚО білім басқармасы мәлім етті. 

Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында, облыста  тұрақты негізде жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында көрсетілген санаттарға жататын балаларға  2019 жылдан бастап «Мектепке жол» акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.

«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы 2020 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылып, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетінеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Atamekenim.kz порталы арқылы ата-аналардың көмек алмаса да, өңірде карантинның енгізілуіне орай көмекті қажет ететін отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде 2120 оқушыға 25 227 мың теңгеге демеушілер көмек көрсетті. Олардың 999 оқушыға азық-түліктер, 1071 оқушыға оқу құралдары мен киім-кешектер, 32 оқушыға ұялы телефон, 5 оқушыға планшет, 1 оқушыға ноутбук, 9 оқушыға интернет байланысы, 3 оқушыға OTAU TV алып берілген.

«2021 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша көмекті қажет ететін отбасыларға  1469 оқушыға 11  565,928 мың теңгеге демеушілер көмек көрсетті. Оның ішінде 574 оқушыға 6 266,942 мыңға киім-кешек, 12 оқушыға 1 939,339 компьютер, 728 оқушыға 2 659,446 кеңсе тауарлары, 37 оқушыға ақшалай көмек, 96 оқушының отбасына азық-түлік, 13 оқушының отбасына отын және дәрі-дәрмекпен, 5 оқушыға телефон және 4 оқушының үйіне интернет ақысын төлеу сияқты барлығы 700,201мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді» – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

«Мектепке жол» акциясы облысымыз бойынша көмекке мұқтаж оқушыларға көмек көрсету  жыл бойы жалғасатын болады.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»