«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Жаңа оқу жылының қарсаңында Орал қаласында көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп жасындағы оқушы балаларға 80 мектеп сөмкесі мен оқу құралдары үлестірілді. Бұл туралы ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Білім күніне орай ҚМДБ-ның бастамасымен БҚО бойынша өкілдігі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетті. Орталық мешітте ұйымдастырылған шарада алдымен облыстық орталық мешіттнің наиб имамы Наурыз Убаев сөз алып, «Білім» күнімен құттықтап, дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жолдады. Ата-аналар қайырлы істің басы-қасында жүрген Орал орталық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаевқа, облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Анаргүл Демеутоваға, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға алғыстарын білдірді.
Дәл осындай игі шара Сырым, Жәнібек тағы басқа аудандарда жалғасын тапты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу