ОРАЛДАҒЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТЫҢ 12 ОҚУШЫСЫ ДӘРІГЕРГЕ ЖҮГІНДІ
Оқиға кеше, 4 сәуір күні Орал қаласы М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында тәркелген. Кешкі сағат 19.30 шамасында 12 оқушы жағдайларының нашарлауына шағымданып, мектептің медициналық оқшауландырғышына жатқызылған.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп дәрігерлері барлық медициналық ем-шараларды жүргізіп, оқушыларды дәрігерлік бақылауға алған. Сондай-ақ жедел түрде мектепке бекітулі №6 қалалық емхананың дәрігер-инфекционисті шақырылып, бүгін балалар толық тексерілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қызу көтерілу, құсу белгілері жоқ.
Үш оқушы ғана ЖРВИ диагнозымен оқшауландырғышқа қалдырылып, қалғандары денсаулық жағдайларының жақсаруына байланысты интернатқа ауыстырылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу