8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2021 1570 0
Қоғам

МЕКТЕП АУЛАЛАРЫНДА ЖЕМІС АҒАШТАРЫ ЖАЙҚАЛАДЫ

БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің «Менің  аулам – менің  бағым» идеясын қолдағандар қатарында Оралдағы білім беру ұйымдары да бар. Аталған жоба негізінде қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен жеті мектепте «Мектеп. Алма бақ. Оқушы»  жобасы  бастау алды. Үш жылға арналған жобаны жүзеге асыруға  С.Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық питомник-бақтың директоры Қайрат Кәрімов қолдау көресететін болады.

Жыл басында Орал қалалық білім беру бөлімі мен аталған питомник арасында келісім жасалған. Білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханованың бастауымен жобаны жүзеге асырушылар Қайрат Кәрімовпен алғашқы кездесуді өтікізіп, білім беру ұйымдары аулаларына жеміс ағаштарын егу жобасының тетіктерін талқылаған еді.

Бүгін жоба қатысушылары болып табылатын жеті мектеп питомникке арнайы барып, әрқайсысы алма ағашының 10-20 түбін алды.

Білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханованың мәліметінше, жобаға жеті мектеп қатысады. Олардың басым бөлігі – кейінгі жылдары бой көтерген, жаңа мектептер. Әр мектеп ауласында жеміс ағаштарын түптендіруге орындар дайындалып, қоршалған. Жеміс ағаштарын күтіп-баптауға мектептің биолог-ұстаздары, оқушылар және қызметкерлер жұмылдырылмақ.

–  Бала естігенінен емес, көргенінен мол тәлім алады. Бұған дейін мектеп басшылары, осы жобамен айналысатындар Қайрат Кәрімовпен кездестік. Ұсыныстарын ескере отырып, осы жұмысты қолға алудамыз. Балаларымыз жеміс ағаштарын баптаудың қыр-сырына үйренсе, өз үйлерінің айналасын, аулаларын да жеміс ағаштарымен жайқалтады деп ойлаймыз, – дейді  Ақжарқын Мүтиғоллақызы.

Сондай-ақ жаз маусымында күтіп-баптау жұмысына оқушылар тартылады деп күтілуде. Алма бақтарында еңбек ететін шәкірттерге қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 500  теңгеден төленетін болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»