МЕЙРАМХАНАДАН ӨРТ ШЫҚТЫ
Бүгін, 22 шілде күні Оралдағы «Дорожный» мейрамханасында өрт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметнше, Әлия Молдағұлова көшесі бойындағы бір қабатты «Дорожный» мейрамханасында орын алған оқыс оқиға туралы таңертеңгі сағат 9.35-те хабар түскен. Өрт мейрамханаға қосымша салынған монша жайынан шыққан. Орын-жайдағы екі бөлменің ортасын бөлуге қолданылған ағаш аралық жанып, тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімінен 13 өрт сөндіруші мен бес техника жіберілген. Өрт сағат 10.09-да оқшауланып, сағат 10.42-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығын көлемі және кінәлі тұлғалар анықталуда.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу