8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2025 1001 0
Құттықтаймыз!

Мейірім жолындағы жандарды құттықтады

24 қазан күні Орал қаласындағы «Алтын Орда» мәдениет үйінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күніне арналған «Жүректен жүрекке – мейірім жолы» атты мерекелік кеш өтті.

Бұл күн – өзгелердің тағдырына бейжай қарамай, өз жүрегінің жылуын мұқтаж жандарға сыйлайтын әлеуметтік сала мамандарының еңбегін бағалайтын ерекше мейрам.

Салтанатты жиынға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қатысып, қоғамдағы әлеуметтік әділдік пен адамгершіліктің діңгегіне айналған сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Кеш барысында ұзақ жылдар бойы әлеуметтік салада табанды еңбек етіп, қоғам игілігіне үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге облыс және қала әкімдерінің, сондай-ақ мекеме басшыларының атынан алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.

Шараның көркін көркем өнер ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концерт айшықтай түсті. Көрермендерге әсерлі әндер, әсем билер мен жүрекке жылылық ұялатқан көріністер ұсынылып, залда шынайы қуаныш пен ризашылықтың ерекше атмосферасы орнады.

Мейірім мен ізгіліктің, адалдық пен жан жылуының символына айналған барша әлеуметтік сала қызметкерлерін осы
орайда кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз ел игілігіне жарап, жүректеріңіз мейірім нұрына толы болсын. Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз!

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»