8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қыркүйек 2020 1174 0
Дені сау ұлт

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН КӨЛЕМІНЕ ҚАТЫСТЫ 26 МЫҢНАН АСТАМ КЕМШІЛІК АНЫҚТАЛДЫ

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 26 мыңнан астам түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 156 млн теңге.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова хабарлады.

Анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары жалпы құны 20,0 млн теңгені құрайтын 22 мыңнан астам осындай кемшілік тіркеді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 874 мыңға жуық ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 577 мың факті анықталды.

Шілде айында қор сарапшылары нақты көрсетілмеген қызметтердің 683 мыңнан астам жағдайын анықтады, олар пациенттер алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген. Осындай жағдайлар бойынша анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 1 млн. 885 мың теңгеге айыппұл салынды.

«Түрлі мемлекеттік базалардан деректерді біріктіру және IT құралдарын қолдну, осы деректерді өңдеу мониторингінің сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Қор әртүрлі  АЖ мен регистрлердің деректерін бір алаңда интеграциялау арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің толассыз мониторингін АЖ-де құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл мониторинг процесін барынша автоматтандыруға мүмкіндік береді», – деп Қорда атап өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Халық тарапынан қоғамдық бақылау, бір жағынан  Қорға бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі, екінші жағынан медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіреді. Сондықтан біз қазақстандықтарды өз деректерін мобильді қосымшаларда тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қорға хабарлауға шақырамыз», – деп атап өтті.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»