8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2020 1563 0
Қоғам

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ 560 МЛН. ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ ЫНТАЛАНДЫРУ ДҰРЫС ЕСЕПТЕЛМЕГЕН

Бұл туралы ӘМСҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов хабарлады.

Сәуір айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын және үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің саны наурызбен салыстырғанда 17,7-ден 42,6 мың адамға дейін 2,5 есе артты.

Есептелген үстемеақылардың сомасы да 56%-ға артты. Медициналық қызметкерлерге сәуір айында 7,6 млрд теңге (наурызға – 3,3 млрд теңгеден астам) төленді. Өңірлер бөлінісінде ең көп медициналық қызметкерлер Алматы, Нұр-Сұлтан және Түркістан облысында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылды. Тиісінше, бұл өңірлерде ең көп үстемеақылар төленген: Алматы (1,5 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (1,1 млрд теңге) және Түркістан облысы (0,8 млрд теңге).

Үстемеақылар сомаларының айтарлықтай өсуі өңірлерде сәуір айында КВИ бойынша эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты болды. Осыған байланысты эпидемияға қарсы іс-шараларға наурызбен салыстырғанда сәуірде медицина қызметкерлері көп тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медициналық қызметкерлер 3 тәуекел топқа бөлінген: жұмыс кестесіне сәйкес 212,5 мың теңгеден (5 ЕТЖ) 850 мың теңгеге дейін (20 ЕТЖ). Жалпы, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 35,7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген.

Үстемеақы алушылардың тізімін жедел штабтар жанынан құрылған өңірлік комиссиялар қалыптастырады. Сәуірден бастап ӘМСҚ өкілдері сыйақылардың дұрыс есептелуін тексеретін комиссияларға қатыса бастады. Осы жұмыстың нәтижесінде, Қор медициналық қызметкерлерді көтермелеудің мөлшерінің дұрыс еместігін анықтады: наурызда – 88,5 млн. теңге, сәуірде – 473 млн. теңгеден астам.

«Бұл үстемеақы үшін қате берілген тізімдер. Кейбір облыстарда әкімшілік блок қызметкерлері, қосалқы персонал, оның ішінде кір жуушылар мен сантехниктер кірді. Ал, бұйрықта медициналық қызметкерлерді тізімге енгізу нақты көрсетілген», – деді Марат Шоранов.

Ол басқа қызметкерлерге, оның ішінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын әкімшілік қызметкерлерге медициналық ұйымдардың негізгі қаражаты немесе жергілікті бюджет есебінен қосымша үстемеақы беруге болатынын түсіндірді. Кейбір аймақтарда мұндай оң тәжірибе қалыптасқан.

Эпидемиялық жағдайды ескере отырып, Қор мамыр айында үстемеақы төлеуге 8,6 млрд. теңге жұмсауды болжап, келесі айларда сомаларды төмендетуді жоспарлап отыр.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»