8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 1801 0
Дені сау ұлт

ЖҰМЫС ҚАУІПТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҮСТЕМЕАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгін Премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, арнайы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Даурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлады  www.coronavirus2020.kz.

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.
Бірінші топ – бұл реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 3 284 маман. Олардың жалақысына үстемақы айына 850 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 1 миллион теңгенің үстінде алады.
Екінші топ – провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Барлығы 11 951 маман. Олардың үстемақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 600 мың теңге алады.
Үшінші топ – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел-жәрдем жүргізушілері және т.б. Барлығы 10 993 қызметкер. Олар айына 212 мың теңге үстемақы алады. Яғни, орташа айлығын қосқанда, олар айына шамамен 380 мың теңге алады.

– Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда, 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, бірақ егер медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда, 10 миллион теңге мөлшерінде төлемақы беріледі, – деді Д.Абаев.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»