8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2020 2144 0
Өзек

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН АЗАМАТ 5 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛМАҚ

Ол қазір Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Орал қаласы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 3.18-де облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары 3-саяжай қоғамы аумағынан күдікті көлікті тоқтатып, жүргізушінің мас күйде екенін байқайды. Жүргізілген сот -медициналық сараптамасы жүргізушінің  ішімдік ішкенін растаған. Құжаттарын тексере келе оның 2019 жылы көлік жүргізу құқынан айрылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша Орал қаласы Полиция басқармасында Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалып, анықтау бөлімінің өндірісінде тергеу әрекеттері жүргізілуде.

– 1992 жылғы М.есімді жүргізушінің Қаратөбе ауданында дүниеге келген, қазір Бәйтерек ауданының тұрғыны екені анықталды. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны,  әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны мәлім болды. Қазіргі күні басқарманың уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Іске мақсатты және қажетті материалдар жиналып, Орал қаласының прокуратурасына жолданды, – дейді Орал қаласы ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Гүлбану Өтешева.

346-баптың 1-бөлімі  бойынша бұрын әкімшілік хаттама толтырылса, алдағы уақытта 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік жүргізу құқынан айырылады, 5000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

– Күшейтілген заң талаптары күшіне енгелі мас күйде көлік жүргізу фактісі қала бойынша  бірінші  рет тіркелді. Бұндай шаралар мен заңның қаталдығы  әр жүргізушіге жауапкершілік жүктейді. Жоғарыда көрсетілген фактінің материалдары сотқа жолданып, сот процесінде қаралатын болады, – дейді  анықтау бөлімінің бастығы, полиция капитаны Жайдар Киргенев.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»