БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЙЫНДАУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Алғашқылардың бірі болып ҚазИИТУ ғылыми-білім кешені Елбасы Жолдауын ұжымда талқылады. ҚазИИТУ ғылыми-білім кешеніне қарасты оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына қатысты үнқосуларын білдірді.
Шараға облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ербол Салықов, облысымыздағы мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Есекенова, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының кеңесшісі Біржан Кухаев қатысты.
Ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, ҚР инженерлік академиясының академигі Ақсерік Әйтімов Мемлекет басшысы Жолдауындағы білім саласына қатысты мәселелердің, соның ішінде педагогтардың мәртебесін көтеруге қатысты ұсыныстар өңірдегі білім саласы қызметкерлерін ерекше қуантқанын жеткізді.
– Бұл мұғалімдер үшін мәртебелі ой болды. Елбасы әдеттегідей білім сапасын көтеруге басымдық берді. Қазір біз жаңа технология бойынша баламалы энергия көздерін табу мақсатында жұмыстанудамыз. Бұл ретте Мәскеуде ядролық физика саласында 87 шәкірт білім алуда. Оған қоса студенттеріміз Татарстанда білімдерін жетілдіруде. Олардан 40 шақты жас біздің оқу орнында білім алып жүр, – деген Ақсерік Сарыұлы Жолдауда айтылған мәселелердің әрқайсысы жұртшылық тарапынан қолдауға ие боларына сенім білдірді. Сондай-ақ Елбасы атап өткен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты тапсырмасы аясында жас ұстаздарға 30 пәтер тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Кәсіподақ ұйымы, әкімшілік, ректорат осы мәселемен жұмыстанатын болады.
Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов Жолдауда айтылған алты бағыттың әрқайсысына тоқталды. Кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайларды шешуге атсалысу. Жолдауда кәсіподақты толғандыратын осы мәселелер қамтылды.
– Өмір сүру стандарттарын жақсарту ұлттың болашағы үшін жасалған қарекет. Сол себепті Президент Жолдауы халық тарапынан қолдау табуда. Әсіресе, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттырып, 42 мыңға жеткізу туралы тапсырмасын ерекше айтып өткен жөн. Бұл бұған дейін кәсіподақ жиындарында немесе жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы келісімшарт жасасу кезінде көтеріліп жүрген мәселенің бірі болатын. Бұл жағдай көбіне жеке кәсіпорындарда қалыптасып отыр, – деген Ербол Ғұмарұлы жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісімшарт жасасудың маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, облыс бойынша жеке ұйымдар жұмысшыларының 30 пайызында ғана келісімшарттары бар. Кәсіподақ құрылған мекеме-кәсіпорындарда қызметкерлердің келісімшарт жасасуы 90-97 пайызды құрайды.
Университет проректоры Орынай Күлпейісова жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты ойын білдіріп, бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін маңыздылығына басымдық берді.
– Елбасы жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы екенін айтты. Енді біздің мақсатымыз түлектеріміздің барлығын алған мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру болмақ. Бұл іске асыруға болатын міндет деп санаймын. Тек бар күшімізді осы бағытта жұмсауымыз керек, – деді ұстаз.
БҚО мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Оразқызы профессор-оқытушылар құрамын Елбасы Жолдауын халыққа түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуға шақырса, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының кеңесшісі Біржан Кухаев әлеуметтің әл-ауқатын көтеру жөніндегі ой-пікірін ортаға салды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу