МАҚТАНЫШЫ – ІЗБАСАРЛАРЫ
Педагог қызметі тек қана білімді ғана емес, сонымен қатар үлкен рухты, шыдамдылықты және батылдықты талап етеді. Сондықтан «Ұстаз» сөзін шығыс халықтарында үлкен әріппен жазады. Ұстаздық – бұл демалысты білмейтін мамандық. Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте ақылды, білімді, дарынды, әділ, шығармашыл ұстаздар, яғни өз ісінің нағыз майталмандары жетіп артылады. Соның ішінде ең үздіктерінің бірі Николай Васильевич Вологинді ерекше атап өтуге болады. Ол – география, биология пәндерінің жоғары санатты мұғалімі, шебер-педагог, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

Николай Вологин 1957 жылы Камен ауылында қарапайым, шаруа отбасында дүниеге келіп, орта білімді Камен орта мектебінде бітіріп, 1975 жылы Дальний Восток өңірінде Отан алдындағы борышын атқарған. 1977 -1982 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтта география пәні мұғалімі мамандығына оқыды. 1987 жылдан бастап Камен мектебінде ұстаздық еңбекке араласып, директорлық лауазымға дейін көтерілді. Содан бері аталған мектепте аянбай еңбек етіп келеді. Отбасында екі бала тәрбиелеп отырған ардақты әке.
Николай Васильевич – қырық жыл бойы әріптестері мен оқушыларының өсуіне, жетістікке жетуіне аянбай еңбек еткен жан. Оқушыларымен бірге аудандық оқушылар экологиялық станциясында ең елеулі еңбек атқарды. Мұғалім жұмысының негізгі қызметінің қорытындысы ретінде сабақтан тыс оқушылармен ғылыми зерттеу және жобалық ұсыныстарды дайындау, аудандық және облыстық көлемдегі тақырыптық конференциялар, семинарларға қатысу, Қазақстан және Тәуелсіз мемлекеттер достығы елдерінің білім беру сайттарындағы жарияланымдарын атап өтуге болады. 2009 жылы «Мәскеу халықаралық балалар жасөспірімдер туризмі және өлкетану» академиясының профессоры құрметті атағына ие болды. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап республикалық педагогикалық шеберлік орталығының сайтында орналасқан биология және география мұғалімдерінің республикалық желілік қауымдастығының модераторы, «ПШО, 2 деңгей», «Орал көшбасшылары» атты желідегі қоғамдастықтарының мүшесі.
Білім беру жолындағы ұзақ жылдар ішінде ол көптеген сыйлар мен атақтардың иегері атанды. Алғыс хаттар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Тасқала аудандық АББ, ОблББ, ОСЮН, ОБЖТиЭО мақтау және құрмет грамоталарымен марапатталды. Жемісті еңбегінің қорытындысы ретінде 2017 жылы облыстық білім беру саласында қызмет ететіндердің «Құрмет тақтасына» ілінді.
Николай Васильевич өз ізбасарларын мақтан тұтады. 12 оқушысы ұстаздық қызметті таңдады. Жеті оқушысы биология, география, экология және экономика басты профильді пән болған қызметтерді таңдаған. Дмитрий Лихачев «Өзіңе ғана қызмет етсең, өзіңнің ғана шағын мәселелеріңмен өміріңді өткізсең, бүкіл еңбегіңнің ізі де қалмайды. Ал егер басқалар үшін қызмет қылсаң, олар сол еңбегіңіздің жемісін сақтап қалады» деген еді. Бұл сөздер Николай Васильевичтің еңбегін сипаттайды. Вологин Николай Васильевич 2017-2018 оқу жылында ауданда «Үздік ұстаз – 2018» байқауында жүлделі орын алып, облыста жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Әріптесіміздің осындай жетістіктері көп…
Светлана Ирғалиева, С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің қосымша білім беру педагогы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу