8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2019 2380 0
Қоғам

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Жұма күні Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінде мұсылман баласы үшін шаттық пен қуаныш күні – Мәуліт мерекесі аталып өтті. Исламдағы пайғамбарлардың ең соңғысы әрі ең үстемі Мұхаммедтің туған күні рабиғәл-әууәл айының 12-інші жұлдызында тойланады. Бөрлілік жамағат жиналған мешіт үйінде пайғамбарымыз еске алынып, мәуліт оқылып, сансыз салауаттар айтылды.

Қасиетті жұмада Хазрет Сұлтан мешітінің ұстазы, РАТТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Ақсай қалалық мешітінің жамағатымен кездесіп,  «Шынайы достық» тақырыбында уағыз-насихат айтты.  РАНТ мүшесі М.Қайырғалиев: «Адам баласы дос таңдауда өзінің иманын күшейтіп, дінді үнемі есіне салатын адамды таңдаса, ол адам баласының бұл өмірде де, ахиреттеде пайдасына болады. Бұл турасында адамзаттың асыл тәжі болған ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде: «Жақсы дос жалғыздықтан жақсы, ал жалғыздық жаман достан жақсы», «Әрбір адам жолдасының дінінде болады. Сондықтан да сендердің әрбірің кіммен жолдас екендігіне қарасын»(Әбу Һурайра),   деп шынайы достықтың алар орны ерекше екенін атап көрсеткен.   Ал қасиетті Құранда Алла Тағала:  «Арақ ішу, құмар ойыны және басқа да Алланы еске алудан алыстататын күнәлі істер жолындағы достық ақиретте опық жегізеді.»,  «Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады»[ Зухруф сүресі, 67-аят]«(Қиямет күні залымдар былай дейді) Қап, әттеген-ай! Пәленшені дос тұтпаған болсам еді. Ол мен өзіме жеткен зікірден (Құраннан) алыстатты..» [Фұрқан сүресі, 28, 29-аяттар]делінген. Дос болған адам әрқашан бір-бірі үшін жаны ашып, қол ұшын беруге асығып тұруы керек. Бірақ достықтың  шекарасынан  шықпаған абзал» деп сөзін қорытындылады.

Иә, асыл дініміз Исламда достық  қарым-қатынастарға аса терең мән мағына берілген. Адам өзін қоршаған ортамен, маңындағы адамдармен үнемі қарым қатынаста болатындығы айқын. Ал адам өмірінде достықтың орны бөлек. Доссыз адам болмайды. Достық адамды бір-біріне ашық болуға, адал болуға тәрбиелейтін қасиет. Достық адамдарды сенімділікке, өзара татулыққа, бірлікке жетелейді.

Іс-сапар барысында Хазрет Сұлтан мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев Бөрлі ауданының тұрғындарымен, діни теріс ағымдардан жапа шеккен азаматтармен, сонымен қатар Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітініңде жамағатымен кездесті.

                                  Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»