8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2020 1466 0
Қоғам

М.ШҮЙІНШӘЛИЕВА: «АБАЙДЫҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІ, ҒАЖАЙЫП ӨЛЕҢДЕРІМЕН САНАМЫЗДЫ НҰРЛАНДЫРАЙЫҚ»

«Арлы ақын, адал ақын, адамзат өркениетінің рухани әлеміндегі жарық жұлдызы» атанған Ұлы Абайды Алаш елі, Жайық жұрты атынан ұлықтадық!

Осыдан 175 жыл бұрын дүниеге келген Ұлт ақынын ұмытпадық! Әлемді үркіткен кеселдің кесірінен Поэзия Пайғамбарына аяқтай барып, қабіріне зиярат ете алмадық. Құлпытасын құша алмадық! Бірақ, даңғыл бойында аспанмен таласып, халқымен сырласып, құстарды иығына қондырып тұрған Ұлы тұлғаның бейнесіне Ақ Жайық атырабы атынан бас иіп, рухына тағзым жасадық! «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деп өзі айтқандай, бабамыздың Мәңгілік Елмен мәңгі жасайтынына иландық. Мұның бәрі кешелі бері БАҚ арқылы жалпақ жұртқа естілуде, санаға қонуда. Алып Абайға арналған игі-шараларды ауызбіршілікпен, татулықпен өткізген  ұйымдастырушыларға ризамын. Карантин кезінде Ұлы бабама арналған жақсылықтардың басы-қасынан табылуыма ықпал еткен БҚО мәдениет басқармасына, Орал қалалық әкімдігіне, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапханасына зор ықыласымды білдіремін. Сол секілді аты дардай «Хабар», «Aqjayiq», «ТДК-42» телеарналар ұжымына және Талғат Жұбанышев, Лұқпан Елеу, Айнұр Құрмаш т.б әріптестеріме рахмет айтамын.
Осы қыс айында әлеуметтік желілерде Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау бағытында Орал қалалық мәдениет бөлімі мен орталық кітапхана қолға алған челленджді әділ бағалаған қазылар алқасына айтар алғысым шексіз.
ТҮЙІН:
«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық. Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» деп философ, ғұлама, көріпкел атамыздың «Хикмет кітәбінен» ғибратты сөздерін, ғажайып өлеңдерін оқып, санамызды нұрландырайық, ағайын! Биыл 175 жыл дейік… Одан әрі… Ғасырмен ғасыр, тарихпен тарих жасайтын Абыз Абайдың аруағы Қазақ елін, Жайық жұртын қолдай берсін! Баба рухы баршаңызды демей берсін!  Дара әрі дана Абаймен бірге жасайтын ұрпағымыз құстардай көбейе берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»